428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бір түнде 16 көлік номерін ұрлаған адам ұсталды

  • 116
  • UPD: 15:09, 16.10.2020

Елорда тұрғыны бір түнде 16 көлік номерін ұрлаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті көп ұзамай қолға түсті.

Ол алдымен нөмірлерді шешіп алып, оларды қайтару үшін көлік иелерінен ақша талап еткен. Қазір аталған дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азаматтың осыған ұқсас өзге де ұрлықтарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы