432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұр-Сұлтанда бір дүкенді тәулігіне екі рет тонаған ұры ұсталды

  • 148
Нұр-Сұлтанда бір дүкенді тәулігіне екі рет тонаған ұры ұсталды

Елордада бір түнде бір дүкенді екі рет тонаған 27 жастағы азамат ұсталды.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, ол әуелі сауда нүктесіне есікті бұзып кіріп, 50 мың теңге мен бірнеше қорап темекі алып кеткен. Көп ұзамай дүкенге қайта оралып, қымбат ішімдіктердің бірін қолды қылған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қолға түсті. Ол өз қылмысын мойындап, ұрлаған ақшаны жұмсап үлгергенін айтты. Бұл дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 188-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Айта кетейік, ұсталған азамат осыған дейін де сотталған. Қазір оның өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы