428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда қоймадан шыққан өрт сөндірілді

  • 85
Петропавлда қоймадан шыққан өрт сөндірілді

Бұл жайында төтенше жағдайлар депратаментінің мамандары хабарлады.

Жалпы бұл жайында хабарлама кезекші бөлімге 19 сағат 40 минутта келіп түскен. Әзірге бұл нысан кімге тиесілі екені белгісіз. Мұнымен қоса, қазір Береке шағын ауданында қамыс өртенді. Қазір оқиға орнында 8 техника 40 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Жалпы бүгін Петропавл қаласы бойынша өрт сөндіру бөліміне 7 шақырту түскен. 

Дмитрий Растихин, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:

– Береке ауданында қамыс жанып жатыр. Ол жерде екінші деңгейлі өрт. Тұрғын үйлерге қауіп төнген болатын. Бірақ жағдай дұрысталды. Қазір техникалардың басым бөлігі сонда жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы