428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда құрылысы бітпеген ғимарат өртенді

  • 82
  • UPD: 19:23, 17.10.2020
Нұр-Сұлтанда құрылысы бітпеген ғимарат өртенді

Нұр-Сұлтанда Мәңгілік ел даңғылының бойында орналасқан құрылысы бітпеген ғимарат өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін сағат 17:10 шамасында қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері Мәңгілік ел, 40 А мекен-жайына жетті. Келе салысымен құрылысы бітпеген «Көркем-4» тұрғын үй кешенінде битум жұмыстары жасалып жатқаны белгілі болды. Осы жұмыстың барысында ағаш «поддондар» өртенген. Қызыл жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыды» деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.

Хабар 24 телеарнасы