428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда жеке үй өртеніп кетті

  • 72
  • UPD: 23:25, 17.10.2020
Қостанайда жеке үй өртеніп кетті

Қостанай қаласында тұрғын үй өртеніп кетті.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазан күні сағат 23:40 шамасында кезекші бөлімге Қостанай көшесіндегі тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Үйдің кіреберісі, дәлізі, екі бөлмесі, жиһаз және электр техникасы жанып кетті. Төбе жабынын қоса есептегенде жалпы ауданы 100 шаршы метр аумақ өртенді. Өрт 02 сағат 07 минутта сөндірілді. Сөндіруге екі өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 9 адамы жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ» делінген ведомство хабарламасында.

ТЖД мамандары өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Оқиға орнында сынақ зертханасының қызметкерлері жұмыс істеуде.

Хабар 24 телеарнасы