427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда автобус қозғалысының кестесі өзгерді

  • 99
  • UPD: 13:41, 18.10.2020
Алматыда автобус қозғалысының кестесі өзгерді

Алматы қаласында автобус қозғалысының кестесі өзгерді.

«17 қазанда «Талап Т» ЖШС қарасты №7 маршрутына өзгеріс енгізілді. Енді бұл маршрут Мақатаев көшесінен Қайырбеков көшесіне бұрылып, Гоголь көшесіне дейін жүретін болды», - деді Алматы көлік холдингінен. 19 қазаннан бастап «Мадина» ЖШС қарасты №25 маршрутына өзгеріс енгізіледі. Енді троллейбус Абай көшесінен Байтұрсынов-Гоголь-Сейфуллин-Мақатаев шаршысын аралап қайтадан Байтұрсынов көшесіне түседі.

Сонымен қатар аталған маршруттың соңғы аялдамасы да басқа нүктеге ауыстырылды.

Хабар 24 телеарнасы