428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық полицейлер той жасап жатқандардың үстінен түсті

  • 86
  • UPD: 23:19, 18.10.2020

Елорданың тәртіп сақшылары 90 адам жиналған тойды тоқтатты, хабарлайды «Хабар 24».

Той-томалақ кеше шаһардағы мейрамхананың бірінде болған. Бейнекөріністен құдалардың төс қағыстырып жатқанын байқауға болады.

Бұл жөнінде 102 нөміріне қала тұрғынынан хабар түскен. Мейрамханаға тексеріспен кіріп барған тәртіп сақшылары карантинге қарамай той тойлап жатқан бір топ адамды анықтайды. Той иесі мен мейрамхананың өкілі шектеу шараларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.

Хабар 24 телеарнасы