422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматылық жас дизайнер көз жұмды

  • 152
  • UPD: 10:47, 19.10.2020
Алматылық жас дизайнер көз жұмды әлеуметтік желіден

Алматылық жас дизайнер Сәбит Bisen ауыр соққыдан қайтыс болды.

Дизайнердің өлімі туралы әріптестері мен достары әлеуметтік желілерде хабарлаған. Полиция басқармасының баспасөз бөліміне 18 қазан күні ауыр жағдайға дейін соққы көрген адам туралы шұғыл қоңырау келіп түседі. Қоңырау шалушы – сол аудандағы үйлердің бірінде тұратын тұрғын. Ол терезеден болған жайтты бақылап тұрған. Оның айтуынша, бейтаныс ер адамдар үй ауласында сөзге келісіп қалып, одан соң төбелесе бастайды. Салдарынан ішіндегі бір жігіт құлайды. Ал басқа жігіт оқиға орнынан жалт береді. Дәрігерлер тобы келіп жеткенше, соққы көрген жас жігіт көз жұмды. Оның кім екені бірден анықталды.

Полиция қызметкерлері: «Аталмыш қылмыстық іске қатысты Д. есімді 1991 жылғы азамат оқиға орнында бірден ұсталды. Ол Б. есімді азаматтың жүріп жүрген қызының ағасы болып шықты. Күдікті өзінің кінәсін мойындады. ҚР ҚК 128- бабы бойынша күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды»,  – деп мәлімдейді.

Айта кетейік, жас дизайнер Сәбит Bisen рэп әншілері мен хип-хоп мәдениетінің өкілдеріне арнап streetwear-бренд ашқан.

Хабар 24 телеарнасы