422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ПТР анықтамасыз ұшып келген үш шетелдік еліне қайтарылды

  • 149
  • UPD: 11:45, 19.10.2020
ПТР анықтамасыз ұшып келген үш шетелдік еліне қайтарылды

Халықаралық рейстермен келген ПТР анықтамасы жоқ  3 шетелдік Қазақстаннан депортацияланды.

Олар Ресей, Өзбекстан және Армения азаматтары. Бұл туралы көліктегі бас санитар дәрігер Садуақас Байғабұлов хабарлады.  Жалпы өткен түнде елімізге шетелден 1136 жолаушы ұшып келді. Бірақ 198 адамның коронавирусқа  ПТР тест анықтамасы болмаған. Бұл негізінен Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтауға ұшып келген жолаушылар. Анықтамасы жоқ азаматардың барлығы караниндік стационарға оқшауланып, ПТР тест тапсырады. 

Хабар 24 телеарнасы