424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада алаяқ жүргізуші куәлігін жасап сатпақ болды

  • 258
  • UPD: 13:20, 19.10.2020
Елордада алаяқ жүргізуші куәлігін жасап сатпақ болды

Елордада жүргізуші куәлігін жасап сатпақ болған алаяқтың әрекеті әшекере болды. Күдікті бұл жұмысты интернет сайттары арқылы жарнамалап, барлық істі онлайн атқармақ болған.

Ол көшеде жүрген жерінен ұсталды. Тəртіп сақшылары күдіктінің үйін тінту кезінде жалған мөр, 75 сим-карта, тағы да басқа заттарды тәркіледі. Сенімді болу үшін 40 жастағы ер адам азаматтарға жеке куәлігін көрсеткен. Алайда тексеріс барысында ол құжат бұрын осы алаяқтың алдауына түскен басқа адамға тиесілі екендігі анықталды. Ал қызметі үшін алатын ақшаны ол электрондық әмиянға аударуды сұраған. Төлем жасалғаннан кейін байланысқа шықпайды. Дәл осындай айлакерлікпен алаяқ жыл басынан бері алты азаматты сан соқтырған. Бірақ жәбірленушілердің саны одан да көп болуы мүмкін. Қазір күдікті тергеу абақтысына қамалып, алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы