424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көксарай су қоймасына батып кеткен ер адамның денесі екі тәуліктен кейін табылды

  • 326
Көксарай су қоймасына батып кеткен ер адамның денесі екі тәуліктен кейін табылды

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің айтуынша, Түркістан облысының Арыс қаласынан 2020 жылдың 18 қазанында сағат 18:30-да суға батқан адамды іздеуге көмек көрсету туралы хабарлама келіп түскен.

«Алдын ала мәліметтер бойынша Байырқұм ауылдық округінде Көксарай каналындағы Аққала ауылынан 20 шақырым жерде балық аулау кезінде Шымкент қаласы Қаратау ауданының Қайнар бұлағы шағын ауданның тұрғыны 1982 жылы туған ер адам жабдықталмаған жерде шомылған кезде суға батып кеткен. Ол 3 досымен бірге балық аулау кезінде алкогольді ішімдік ішкеннен кейін суға шомыламын деп суға батып кеткен», – деп мәлімделеді.  

Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін құрамында 6 құтқарушы-сүңгуір, 1 техника және 1 қайықпен жасақталған Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жедел-құтқару тобы 19 қазанда сағат 07:00-де іздестіру жұмыстарын бастады. Көксарай арнасының ені – 100 м, тереңдігі – 3 м, су температурасы – +8°C.

Іздеу жұмыстарының нәтижесінде 19 қазанда сағат 09:04-те сүңгуір Абай Олжас Алтынбекұлы ер адамның өлі денесін тауып алып, судан шығарған.

Оқиға орнына Түркістан облысы, Арыс қаласының ТЖ және аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері де жұмылдырылды.

ҚР ТЖМ құтқарушылары балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді!

Қауіпті жағдай келесі факторлар болған кезде пайда болуы мүмкін:

1.Балық аулау алдында немесе оның барысында алкогольдік ішімдіктерді пайдалану;

2.Көктемде немесе күзгі маусымда суық суға шомылу;

3.Жүзе алмау;

4.Қатты жел мен толқындар;

5.Тәуліктің қараңғы уақыты;

  1. Балықшы жағалауда немесе қайықта жалғыз болуы.

         Егер сізге төтенше жағдайда көмек қажет болса немесе сіз оқиғаның куәгері болсаңыз, 101 немесе 112 телефондарына қоңырау шалыңыз.

Хабар 24 телеарнасы