430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шудағы арнайы операция барысында полицейлерге қару қолдануға тура келді

  • 299
Шудағы арнайы операция барысында полицейлерге қару қолдануға тура келді

«Шудағы арнайы операция барысында полицейлерге қару қолдануға тура келді», – деп хабарлайды Polisia.kz. 

ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті полиция қатарындағы қылмыстылықты түп-тамырымен жою бойынша жүйелі шаралар қабылдауды жалғастыруда.

Бұл жолы назарға Жамбыл облысының Шоқпар станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ілінді. 

Жабайы қарасораны заңсыз егіп, жинау фактісі бойынша Өзіндік қауіпсіздік басқармасымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тексеріс барысында қызмет бабындағы полицейлердің заңсыз есірткі затын жинап, сату үшін Кұмөзек жеріне баратыны туралы мәлімет түсті. 

Қылмыстың жолын кесу үшін Өзіндік қауіпсіздік басқармасы арнайы мақсаттағы бөлініс қызметкерлерімен бірлесіп, арнайы операция жүргізді. 

Күдіктілер мінген көлікті тоқтату үшін қызметкерлер Шу – Тараз автожолын жапты. Осы уақытта күдіктілер бой тасаламақ оймен, арнайы бөлініс қызметкерін қасақана қағып өтіп, оған ауыр дене жарақатын келтірді. 

Атыс жарағымен қаруланған автокөліктегі үш күдікті қатты жылдамдықпен қуғыншылардан сытылып кетпек болған. 

Полицейлер аспанға ескерту жасап оқ атса да, күдіктілерлер құлақ аспаған. Бұдан соң көлік құралын тоқтату үшін қызметтік қару қолданылды. 

Үш адамның екеуі атыс жарақатын алып, нәтижесінде олардың біреуі медициналық мекемеде көз жұмды. Ал екіншісіне стационар жағдайында медициналық көмек көрсетілді. Үшінші күдікті ҚР Қылмыстық-процесуалдық кодексінің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297, 345, 362-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Хабар 24 телеарнасы