425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда мемқызметшілер пара алу үстінде ұсталды

  • 212
  • UPD: 21:07, 20.10.2020

Індетпен бірге жемқорлық ісі де тыйылмай тұр. Қарағанды облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасы басшысының орынбасары мен бас маманы пара алып жатқан жерінен қолға түсті.

Олар жаңадан салынып жатқан спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысын қабылдау актісіне қол қойып, қызметтері үшін 1 миллион теңге алмақшы болған. Қазір қос күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

Нұржан Есеналин, СЖҚІҚ агенттігінің облысы бойынша департамент басшысының орынбасары:

- Қарағанды облыстық сыбайлас жемқорлық қылмысына қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Күдіктілер спорттық-сауықтыру кешені құрылысына жауапты авторлық қызмет өкілдерінен қабылдау актісіне келісім беру үшін пара алған деп айыпталып отыр.

Хабар 24 телеарнасы