423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды қаласында «Арай» базары өртенді

  • 141
Қарағанды қаласында «Арай» базары өртенді

ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, 21 қазан сағат 00:07-де Қарағанды қаласындағы «Арай» базарындағы өрт туралы хабар түскен.

«Өрт сөндірушілердің оқиға орнына бару уақыты 6 минутты құрады. Келген сәтте базар аумағында контейнерлер ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Объекті электр тогынан ажыратылмағандықтан, сондай-ақ жақын тұрған басқа контейнерлерге оттың ауысу қаупі болғандықтан, өртті сөндіру қиындай түскен. Өрт сөндірушілер жапсарлас орналасқан контейнерлерді ашып, олардан материалдық құндылықтарды құтқарып қалды».

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД-нің 50 адамы мен 11 техникасы жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың арқасында өрт 01:23-те жойылды. Өрт 14 сауда контейнерінде 200 ш.м жалпы ауданында орын алды.

Жанып жатқан контейнерлердің бірінде өрт сөндірушілер үлкен сомадағы ақша тауып, оны иесіне қайтарды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

 

Хабар 24 телеарнасы