425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында ұрланған екі үйір жылқы Павлодар облысынан табылды

  • 187
  • UPD: 11:20, 21.10.2020

Жетісу жеріндегі Қоғамшыл ауылының тұрғыны 19 бие мен үш құлыны жоғалғаны туралы жергілікті полицияға арызданады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірден іске кіріскен тәртіп сақшылары барлық облысқа жедел сұрау салады. Арада бірнеше күн өткенде керекулік әріптестері жоғалған жылқыны Ақтоғай ауданындағы барымташылардан тапқанын хабарлайды. Күдіктілер қылмысын бірден мойындаған. Қалай ұрлағандарын да толық айтып берді. Қазір барымташыларға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы