425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттегі пәтерлердің бірінен қыздың мәйіті табылды

  • 230
  • UPD: 11:51, 22.10.2020

Шымкентте 18-шағын ауданындағы пәтерлердің бірінен мәйіт табылды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады.

Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Мүрдені сол жерде қарау кезінде оның мойын тұсында қылқындыру белгісі анықталды. Сот-медициналық сараптамасында 20 жастағы қыздың қылқындырудан өлгенін дәлелдеді. Қайғылы жағдайға қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабының бірінші тармағы, яғни адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ералы Жұмаханбетов, қалалық полиция департаментінің бастығы:

- Жедел іздестіру іс-шараларының барысында ізін суытпай күдіктінің жеке басы анықталып ұсталды. Ол 1997 жылы туылған Түркістан облысының тұрғыны.Қазіргі таңда күдіктіге бұлтартапау шарасы қолданылды.   

Қарағандыда тергеу абақтысында жатқан туысына ұялы телефон өткізбек болған азаматтың әрекеті әшкере болды. АК-159/1 мекемесінің қызметкерлері сәлемдеме әкелген азаматтың заттарын тексеру кезінде сақал қыруға арналған көбік қалбыр күдік тудырады. Бірден арнайы рентгендік құрылғымен тексеріп көреді. Нәтижесінде қалбыр ішіндегі көбіктің арасына жұмсақ затқа оралып салынған телефон бар екені анықталды. Сол жерде қалбырды ашқанда ішінен 2 ұялы телефон шықты. Полиция қызметкерлері заң бұзған азаматқа қатысты хаттама толтырды. Жабық мекемеге рұқсат етілмеген затты өткізуге әрекеттенгені үшін оған әкімшілік айыппұл салынды.  

Алматыда шығыс айналма тас жолында жойқын көлік апаты болып, Mercedes-Benz пен Тойота Caldina автокөліктері соқтығысты. Апат салдарынан Mercedes-тің  жүргізушісі сол жерде тіл тартпай кетті. Оқыс оқиғаға қатысты Алматы полициясы қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Абайсызда адам өлімі және жол ережесін өрескел бұзу бойынша іс қозғалды. Тиісті сараптамалар да тағайындалды.

Өскеменде көшеде өтіп бара жатқан тұрғын өртеніп жатқан үйден адамдарды құтқарды. Ол өртенген үйді көрген соң ішінде адамның бар-жоқ екеніне көз жеткізген. Үй иелері ішінде екенін білген соң бірден құтқаруға кіріскен. Өрт сөндірушілерге де хабар береді. Ал өрттен зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды. Қазір олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Ал өрттен адамдарды құтқарған тұрғын бұл әрекетін ерлікке бағаламайды.

Қарағандыдағы «Арай» базарында өрт шығып, 7 бірдей контейнер жанып кетті. Қызыл жалын 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 11 техника мен 50 адам жұмылдырылды. Олар оқиға орнына жедел жеткенімен, сауда нүктелерінің электр қуатынан ажыратылмауы жұмыстарына кедергі келтірді. Осылайша қаншама тауар күлге айналды. Қазір шығын сомасы  есептеліп жатыр. Ал өрттің шығу себебі сараптамадан соң белгілі болады. Дегенмен, полиция қызметкерлері контейнерлер қасақана өртелген деген болжам жасап отыр. Базар маңында тұратын тұрғындар түнде қатты жарылыс болғанын айтады.

Нұрлан Бекбосынов, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы:

- Контейнердің ішінде жатқан товарно-материальный ценносттар, банкілер болған. Солар өрттің температурасынан атылып, дауыс шыққан. Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрт болу себебін болжамын біздің техникалық экспериза бір-екі күнде береді.

Хабар 24 телеарнасы