425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңақорғанда егістік өртеніп, қой қырылды

  • 145
  • UPD: 15:25, 22.10.2020

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында бір отар қой қырылды.

Түгіскен тұқым шаруашылығы күзгі дала жұмыстары барысында орылған күріш алқабын өртеген. Алдын ала айтылған мәлімет бойынша сол уақытта егістікте мың жарымдай уақ мал жайылып жүрген көрінеді. Соның 300-дейі күйіп қалған. Күріштік басында қазір арнайы құрылған аудандық комиссия жұмыс істеп жатыр. Өлген түліктің нақты саны алдағы уақытта жарияланады.

Ғалымжан Сопбеков, Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары:

- Қазіргі таңда ветеринарлық қызмет мамандары санақ жұмыстарын жүргізіп жатыр. Одан кейін талаптарға сәйкес оларды жою шараларын қарастырамыз. Нақты санын шығарғанннан кейін қосымша хабарын айтамыз. Арнайы комиссия шешімімен қаралады.

Хабар 24 телеарнасы