419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралдағы төбелеске қатысты 20 күдікті ұсталды

  • 225
  • UPD: 16:27, 22.10.2020

Оралда қару-жарақ қолданып, жаппай төбелесу оқиғасына қатысы болуы мүмкін күдіктілердің барлығы ұсталды. Жедел іздестіру шарасы кезінде полицейлер 20 адамды қамауға алды.

Олардан 3 көлік, мылтық, оқдәрі, пышақ және ағаш шоқпар тәркіленді. Айта кетейік, оқиға 20 қазан түні жанармай бекетінде болған еді. Өзара қырқысу салдарынан бір адам пышақталып, енді біріне оқ тиді. Олар жедел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, оқ тиген 24 жастағы жігіт жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Төбелестің себебі әзірге анықталған жоқ.

Нұрлан Бисенов, Орал қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары:

- Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды негізгі уақытта. Сол жерде қолданған қару, айғақ заттар тәркіленіп, қылмыстық іске қосылды.

Ербол Есеев, БҚО көп бейінді ауруханасының меңгерушісі:

- Бытыра тиіп, жарақат алған. Ішекке зақым келген, бөтекесіне зақым келген. Асқазанына, бауырына зақым келген. Қазір науқас ауыр жағдайда. Әлі толық есін жиған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы