425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жалған дипломатиялық нөмірмен жүрген көлік иесі ұсталды

  • 181
  • UPD: 22:12, 22.10.2020
Елордада жалған дипломатиялық нөмірмен жүрген көлік иесі ұсталды

Елорда көшелерінде жалған дипломатиялық нөмірмен ызғытып жүрген көлік иесі қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол аз уақытта 12 рет жол ережесін бұзып үлгерген. Салынған айыппұл көлемі 250 мың теңгеге жуықтайды. Тәртіп сақшылары тексере келе, дипломатиялық нөмірдің жалған екенін анықтады. Бұрын көліктің нөмірі Польша елшілігіне тиесілі болған екен. Алайда тіркеуден алынған. Полицейлер қазір дипломатиялық нөмірдің жүргізушінің қолына қалай түскенін анықтап жатыр. 

Хабар 24 телеарнасы