420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда базарға өрт қойғандар ұсталды

  • 148
  • UPD: 15:58, 23.10.2020
Қарағандыда базарға өрт қойғандар ұсталды

Қарағандыдағы «Арай» базарын өртеген қылмыскерлер қолға түсті. Екі азамат осындағы контейнерлердің бірін тонап, іздерін жасыру үшін өрт қойған.

Олар кінәларын толық мойындап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қазан күні «Арай» базарында өрт шығып, 7 бірдей контейнер жанып кеткен еді. Қызыл жалын 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 11 техника мен 50 адам жұмылдырылды. Олар оқиға орнына жедел жеткенімен сауда нүктелерінің электр қуатынан ажыратылмауы жұмыстарына кедергі келтірген. Осылайша қаншама тауар күлге айналды. Шығын көлемі әлі де есептеліп жатыр.

Ерлан Ақылбеков, қалалық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары:

- Тергеу барысында өрттің қасақана жасалғаны анықталды. Күдікті ретінде екі адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы