423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде мектеп мұғалімі пышақ жарақатынан көз жұмды

  • 201
  • UPD: 18:39, 23.10.2020

Ақтөбе облысында мектеп мұғалімдері төбелесіп, біреуі пышақ жарақатынан қайтыс болды. Оқиға Темір ауданының орталығы – Шұбарқұдық кентінде болған.

Белгілі болғандай, тарих және дене шынықтыру пәнінің оқытушылары арасында ұрыс шығып, соңы жанжалға ұласқан. Содан 40 жастағы педагог қаза тапты. Бұл жағдай білім басқармасы басшыларын да шошытып отыр.

Олардың айтуынша, оқиға түскі үзіліс кезінде болған. Төбелескен екі мұғалім де аудандағы үлгілі мектепте қызмет етіпті. Қазір пышақ сұққан күдікті ұсталып, оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Гүлнәз Сүлейменова, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Қайтыс болған мұғалім 1980 жылғы. Білімі жоғары және педагогикалық өтілдері біраз уақыт болған. Екіншісінің де білімі жоғары. Ол 1977 жылғы мұғалім.

Ерболат Сарқұлов, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Тергеу тобы барып, мәйіттің сол ауыл тұрғынының 40 жастағы азамат екенін анықтайды. Оның денесіне пышақ сұғу салдарынан көз жүмғандығы анықталды. Қазіргі таңда осы дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы «адам өлтіру» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы