425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда жол апатынан адам қаза тапты

  • 161
  • UPD: 11:39, 25.10.2020
Оралда жол апатынан адам қаза тапты

Оралда жол апатынан бір адам қаза тауып, тағы үш адам жараланды.

БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәліметінше, оқиға 25 қазан күні сағат 04:05 шамасында 4-шағын ауданда болды.

«Москвичи» жанар-жағар май құю станциясына қарсы бетте 23 жастағы жүргізуші «ВАЗ-2112» автокөлігінің руліне ие бола алмай, жол шетінде тұрған «Volkswagen Golf» және «Газель» көліктеріне соғылған. Соның салдарынан «ВАЗ-2112» автокөлігінде болған 36 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды.

Үш адам қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді: «ВАЗ-2112» жүргізушісі жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Басының жұмсақ тіндері, шынтағы көгерген. Дәрігерлер қарағаннан кейін ауруханаға жатқызылды. Осы көлікте болған 34 жастағы жолаушы әйелдің де басының жұмсақ тіндері көгерген, ол үйіне жіберілді. Көптеген сынық жарақаттарын алған 39 жастағы әйел жансақтау бөліміне орналастырылды.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жүргізуші мас күйінде болған. Көлік иелеріне материалдық шығын келтірілді. Автокөліктер арнайы тұраққа қойылды. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы