Алматыда квадроциклмен серуендеген жігіт мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы құтқару қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы турист Бутаковка шатқалында квадроциклмен серуендеп жүргенде абайсызда құздан құлаған. Бес адамнан тұратын құтқару экипажы жігіттің денесін 2 шақырым төменнен, таудың етегінен тауып алды.
Өкінішке қарай, турист сол жерде жан тәсілім еткен. Құтқарушылар төменде күтіп тұрған туыстары мен дәрігерлерге марқұмның денесін зембілмен түсіріп берді.