423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Демалыс күндері Қарағанды тас жолында қатарынан бірнеше жол апаты болды

  • 153
  • UPD: 13:48, 26.10.2020
Демалыс күндері Қарағанды тас жолында қатарынан бірнеше жол апаты болды

Елде күн райының суытуы жол апаттарының көбеюіне әкеп соқтырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жүргізушілердің көбі дөңгелегін ауыстырып үлгермеген. Салдарынан Қарағанды тас жолында қатарынан бірнеше жол апаты болды. Олардың бірі куәгердің бейнекамерасына жазылды. Lada автокөлігінің жүргізушісі жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Бір мезетте ол рөлді басқара алмай, көпірдің бетон тірегіне соғылды. Бұл оқиға кеше күндіз болған. Қатты соқтығыстан көлік айналып, жүргізуші сыртқа құлады. Алайда, ол лезде аяққа тұрып кетті. Қарағанды облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, рөлде 25 жастағы жүргізуіші болды. Жарақат алғандар жергілікті ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы