422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Майқайың кентінде жұмысшы бетон плитаның астында қалып қойды

  • 112
Майқайың кентінде жұмысшы бетон плитаның астында қалып қойды

Ер адам жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай қайғылы оқиға 22 қазан күні таңертең Баянауыл ауданының Майқайың кентінде болған.

«Құрылыс жұмыстары кезінде ЖШС бірінің монтажшысына плита құлады. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде», – делінген департаменттің хабарламасында.

Павлодар облысының Еңбек басқармасынан нақтылағандай 1983 жылы туған ер адам қайтыс болды. Қазір еңбек инспекторлары жұмыс беруші туралы және еңбек қатынастары рәсімделгені туралы ақпарат жинап жатыр. Содан кейін олар жазатайым оқиғаны тергеуді бастауды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы