423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде әйелді буындырып өлтірген адам іздестіріліп жатыр

  • 122
  • UPD: 16:58, 26.10.2020
Ақтөбеде әйелді буындырып өлтірген адам іздестіріліп жатыр unn.com.ua

Ақтөбе қаласында 30 жастағы әйелдің мүрдесі табылды. Күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 қазанда Ряхов көшесіндегі пәтерлердің бірінде асфиксия түрінде зорлық-зомбылық белгісі бар 30 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Аталған факті бойынша күдіктіні анықтау және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», – дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалды.

Өзге ақпарат тергеу құпиялылығына байланысты жарияланбады.

Хабар 24 телеарнасы