27 қазан сағат 01:27-де Қостанай қалалық арнайы өрт сөндіру бөліміне Складская көшесіндегі екінші нөмірлі ғимаратында орналасқан базар нарығындағы тамақтану орнында өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Бұл туралы Alau.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгенде дүңгіршекпен көршілес орналасқан тамақтану орнындағы өрттің көлемі 80 шаршы метрді құрағанын анықтаған.
Жалын минут сайын өрши түсіп, келесі сауда нүктелеріне көше бастаған. Өртпен күресушілердің жедел әрекеттерінің арқасында әрқайсысы 40 литр 4 газ баллоны оқшауланды.
Өрт 03:16-да толығымен сөндірілді.
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.