425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да жасөспірім қыз бауырларын өрттен аман алып қалды

  • 175
  • UPD: 12:31, 27.10.2020
БҚО-да жасөспірім қыз бауырларын өрттен аман алып қалды Liter.kz

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты.

Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 25 шаршы метр құрайтын екі пәтерлі үй жанып жатқанын анықтаған. Оқиға орнынан табылған 1983 жылы туған үйдің қожайыны ауруханаға жеткізілген. Алайда ол ауруханада көз жұмды.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенге дейін жеке тұрғын үйдің терезесінен үй қожайынының қызы, 2004 жылы туған жасөспірім өзінен кіші екі сіңлісі мен бір бауырын терезеден өзі шығарып алған.

Алдын ала болжам бойынша, өрт электр жабдығын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталмағандығынан шыққан болуы мүмкін.

 

Хабар 24 телеарнасы