423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыдағы ТҚС-да жарылыс болды

  • 349
  • UPD: 15:14, 27.10.2020
Алматыдағы ТҚС-да жарылыс болды

Алматыдағы  өрт сөндіру кезінде жарылыс болды.

Өрт сөндірушілердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

«Бұл туралы ТЖ департаментінен мәлім етті», – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«27 қазан күні сағат 12:56-да ТЖД күштері мен құралдары Әуезов ауданы, Ақсай-1а ықшам ауданында жоғары шақыру дәрежесімен шықты. Оған өрт оқпандары жіберілді. Оқиға орнынан әрқайсысының көлемі 25 литр болатын екі газ баллоны эвакуацияланды. Сондай-ақ ангардың ішінде жанғыш сұйықтық бар контейнердің орналасқандығы туралы ақпарат келді. Жарылыс Сағат 13:21-де  болды. Өрт сөндірушілер арасында зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады ТЖД.

Қазір оқиға орнында ТЖД, өзара іс-қимыл қызметінің басшылығын, 13 бірлік техниканы қоса алғанда, жеке құрамның 60 адамы жұмыс істеп жатыр. Өрт 13:58-де жойылды.

Хабар 24 телеарнасы