422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда тоғыз автокөлік жанып кетті

  • 128
  • UPD: 22:32, 27.10.2020
Алматыда тоғыз автокөлік жанып кетті

Алматыда техникалық қызмет көрсету орталығында өрт шығып, 9 автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал, үш автокөлікке лапылдаған жалынның салдарынан зақым келген. Бұл техникалық қызмет көрсету орталығы металдан жасалған. «Сондықтан өртке оранған темірдің ыстық жалыны оны сөндіруге кедергі келтірді», - дейді өрт сөндірушілер. Жалын шарпыған жерден 25 литр болатын екі газ баллоны шығарылған. Қойманың ішінде жанғыш сұйықтық құйылған ыдыс болғаны анықталды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.  

Гүлдана Нұрымбетова, қалалық ТЖД ресми өкілі:

- 27 қазанда 12:56-да ТЖД күштері мен құралдары Әуезов ауданы Ақсай-1 А ықшам ауданында шыққан өртке шақыртудың жоғарғы деңгейімен жіберілді. Қабылданған шаралар мен күрделі өрт 55 минутта толығымен жойылды. Оқиға орнында ТЖД-ның басшылығымен қоса алғанда жеке құрамнан және өзара әрекет ету қызметінен 60 адам 13 бірлік техника жұмыстар атқарды. Ангарда 9 машина болған, 9-ы қалпына келтіруге жатпайды.

Хабар 24 телеарнасы