423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО түрмелеріне тінту жүргізілді

  • 212
  • UPD: 12:42, 28.10.2020

Есірткі сатумен айналысқан 63 жастағы павлодарлықты полиция ұстады. Ер адам 49 жастағы танысымен бірге қылмыстық топ құрған. Күдіктілердің бірінің ауласын тінту барысында полимерге оралған есірткіге ұқсас түйіншек табылған. Сараптама нәтижесі бойынша бұның 25 келіден асатын марихуанна екені белгілі болды. 

Балғабай Қапаров, облыстыҚ ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы:

- Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылып, қамауға алынды. 2020 жылдың өткен кезеңінде Павлодар облысының аумағында барлығы 65 есірткі қылмысының жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 268 кг астам есірткі тәркіленді. 

Маңғыстау облысында інісімен бірге теңізге шығып, қайта оралмаған балықшының денесін құтқарушылар 1 тәулікке жуық іздеді. Аман қалған бауырының айтуынша, теңіз үстінде қайықтың түбі тесіліп, 64 жастағы ағасы батып кеткен. Ал өзі жағаға жүзіп шықан.

Бекболат Әбдіқадыров, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Бір азамат 1959 жылғы туған Құралы аралына дейін жүзіп барып, аралда орналасқан метеорологиялық орталыққа жетіп, ҚР ҰҚК шекара қызметінің әскери бөліміне қоңырау шалып, хабарлаған. Екінші азамат 1956 жылы туған жаға дейін жүзе алмады және суға батып кетті.

Шығыс Қазақстан облысындағы колонияларда тінту іс-шарасы өтті. Тінту шарасына қылмыстық атқару жүйесі және Ұлттық ұлан қызметкерлері мен прокурорлар қатысты. Шара аясында 111 дана тыйым салынған заттар тәркіленді. Оның 55-і ұялы телефон мен оның аксессуарлары.

Ғалымжан Балтабаев, облыс бойынша ҚАЖ департаменті бастығының м.а.:

- Тінту іс-шараларын өткізудің негізгі мақсаты күтпеген жағдайлардың алдын алу және колонияларда құқықтық тәртіпті нығайту үшін сотталғандардан тыйым салынған заттарды алып болып табылады. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде сотталғандардың құқықтары сақталды. 

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауылында жасөспірім қыз өртте қалған 2 сіңілсі мен інісін құтқарды. Қызыл жалын аумағы 25 шаршы метрлік екі пәтерлі жеке тұрғын үйде тұтанған. Өкінішке орай үйдің қожайыны 37 жастағы қыздың анасы түтінге уланып, ауруханада қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша электр жабдығын пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесі сақталмаған. 

Жасұлан Жұмашев,​облыстық ТЖД бастығы:

- Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 16 жасар жасөспірім қыз салқынқандылық танытып өртеніп жатқан үйден үш кішкентай сіңлілерін құтқарып алды. Олардың жасы 2011, 2014, 2015  жылғы. Одан кейін ол қайтадан үйге кіріп шешесін іздеп, оны таба алмай бірақ үйдің ішінен  үйдің құжаттары және бүкіл сіңлілерінің, шешесінің құжаттарын алып шығып тұр. Ол дейтін батырлық.

Хабар 24 телеарнасы