425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте ішімдік шығаратын жасырын цех анықталды

  • 164
  • UPD: 14:36, 28.10.2020

Шымкентте  18 түрлі алкоголь өнімдерін заңсыз дайындаумен айналысатын цехтың жұмысы әшкереленді.

Тексеру барысында 15 тонна спирт, 67 есепке алу-бақылау маркалары табылған. Мұнан бөлек заңсыз өнім дайындауға арналған құралдар мен 40 мың 625 теңге ақша тәркіленді. Қазіргі таңда күдіктілер анықталып, тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы