425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда ер адам дәрігерлерге граната алып жүгірді

  • 143
  • UPD: 15:43, 28.10.2020

Петропавлда емхананы жарып жіберемін деп қорқытқан 58 жастағы қала тұрғыны қолға түсті.

102 телефонына бұл туралы ақпарат таңғы сағат 9-дар шамасында келіп түскен. Оқиға орнына бірден барлық қызметтер жетті. Олар емдеу мекемесінен 100-ден астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Мамандар күдіктіден  граната тәркіледі. Тексеру барысында жарылғыш заттың  тұтандырғышы болмаған. Яғни бұл оның жарылу қауіпі жоқ екендігін білдіреді. Күдікті қамауға алынды. 

Сән Жұмағазина, облыстық ПД Бас маманы:

- Аталған факті ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тергеу аясында қажетті сараптама тағайындалатын болады. Тергеуге оқиғаның себептері мен барлық мән-жайын анықтауға тура келеді. Себебі ұсталған адамның айтуынша, осындай әрекетке баруына медицина мекемесінің қызмет көрсету сапасына наразылығынан туындаған. Ер адамның Ауған соғысы мен параолимпиада ойындарына қатысқаны белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы