423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жалған жүргізуші куәлігімен жүрген үш мың адам іздестіріліп жатыр

  • 202
  • UPD: 15:51, 28.10.2020
Жалған жүргізуші куәлігімен жүрген үш мың адам іздестіріліп жатыр

Елордада жалған жүргізуші куәлігімен жүрген 3 мың жүргізуші іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мамандары айтты.

Заңсыз әрекет мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жалған жүргізуші куәлігін сатып келген бір топ күдіктіге қатысты тергеу амалдары барысында анықталған.

Белгілі болғандай, күдіктілер азаматтарды іс жүзінде оқытпай, автомектептерді бітіру туралы жалған куәліктерді қолданып, практикалық емтихансыз жүргізуші куәліктерін беріп келген. Бұдан өзге «Сергек» камераларына түскен айыппұлдарды жасырып-жауып келгендерге де қатысты іс қозғалды.  

Шыңғыс Қабдула  ҚР СЖҚІҚА Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің басшысы:

- Нұр-Сұлтан қаласының ПД қарасты жедел әрекет ету орталығының жауапты қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Олар жүйелі түрде әкімшілік құқықбұзушылықтың бірыңғай реестріндегі «Сергек» камераларына түскен құқық бұзушылықтарды жойып отырған. Базадан аса көп мөлшерде әкімшілік заң бұзушылықтар өшіріліп тасталған. Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы