422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтауда жол апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды

  • 193

Жол оқиғасы 29 қазанға қараған түні сағат 01:20-да 21 шағын аудандағы автожолда орын алды, деп хабарлайды lada.kz.

Оқиғаның мән-жайын Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЖКО орнына жақын жердегі патрульдік қызмет батальонының экипажы мен Ақтау полиция басқармасының анықтаушысы келді.

Toyota Camry жүргізушісі рульді басқара алмағаны және бағанға соғылғаны белгілі болды. Соқтығысудың салдарынан автокөлік өртенді.

Апат салдарынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек Ақтау қаласының Полиция басқармасында тіркелді.

 

 

Хабар 24 телеарнасы