425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да зейнеткерге ұрланған 18 млн теңгесі қайтарылды

  • 173
ШҚО-да зейнеткерге ұрланған 18 млн теңгесі қайтарылды

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 65 жастағы Риддер қаласының тұрғыны жергілікті полиция бөлімшесіне келіп, үйінде тұрған ақшаның қолды болғаны жайлы арызданған.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау болмаса да, күдіктіні бірнеше тәулікте анықтады. Қарияның қаржысын жымқырған сол қаланың 41 жастағы бұрын сотталған тұрғыны болып шықты. Ол тапа тал түсте үйге терезе арқылы кіріп, ақшаны алып кеткен. Жартысын жаратып та үлгеріпті. Тағы бір бөлігін сенімді жерге жасырып, қалғанын өзімен алып, алдымен Өскеменге содан соң танысын ертіп Семейге барған.

Хабар 24 телеарнасы