425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Kaspi Bank-ке жасалған қарақшылық шабуылдың беті ашылды

  • 237
  • UPD: 13:39, 30.10.2020
Kaspi Bank-ке жасалған қарақшылық шабуылдың беті ашылды

Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен 35, 36 және 28 жастағы үш ер адам ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың екеуі Алматы қаласында қолға түссе, үшінші күдікті Орал қаласында құрықталған. Күдіктілерден ұрланған қаражат тәркіленіп, қылмыстық кодекстің 192-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс материалдарына тіркелген. Қарақшылар қолданған аңшы мылтығы солардың біріне тиесілі екендігі анықталды. Ұсталғандар қазір қамауға алынды.

Айта кетейік, осы айдың 15-сі күні кешкі алтылар шамасында Сейфуллин және Гоголь көшелерінің қиылысындағы банктің бөлімшесіне бетперде киген қарақшылар басып кіріп, 2 миллион теңгеге жуық ақшаны алып кеткен.

Хабар 24 телеарнасы