420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пара беруге оқталған талдықорғандық мемқызметкерге қатысты тексеріс басталды

  • 165
  • UPD: 13:39, 30.10.2020
Пара беруге оқталған талдықорғандық мемқызметкерге қатысты тексеріс басталды

Республикалық ветеринариялық зертхана өңірлік филиалының басшысы күдікке ілігіп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 26 қазанда мүдделі тұлғаны әскери қызметке жарамсыз деп танығаны және тиісті әскери билет бергені үшін 425 000 теңге пара бергісі келген. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін берген хабарламада. Бұған қоса, дәл осы Алматы облысында Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау және сапа басқармасының бөлім басшысы да күдікке ілікті. Ол жетекші маманмен бірлесе отырып, шағын және орта бизнес субъектілерінің директорларынан пара алған. Яғни карантин режимін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартпауға тырысқан және сол үшін ақы алмақ болған.

Хабар 24 телеарнасы