419,45 505.95 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырды деген шенеуніктер ұсталды

  • 248
  • UPD: 23:33, 30.10.2020

Таразда коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырды деген шенеуніктер тергеліп жатыр.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері мәлімдеді. Қазір күдікке ілінген Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғалары тергеліп жатыр. Олар медициналық бұйымдарды қымбат бағаға сатып алған. Соның кесірінен мемлекетке ірі көлемде шығын келіп отыр.

Жаннұр Тасқұлов, облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеу басқармасының басшысы:

- Лауазымды тұлғаларға қатысты мемлекеттік қаражатты жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген залалдың сомасы 8 миллион 830 мың 560 теңге. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Прокуратура органдарымен келісілген. Осы ақпарат шеңберінде ғана мәлімет бере аламыз.

Хабар 24 телеарнасы