425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырауда өрттен бес бала құтқарылды

  • 146
  • UPD: 09:55, 31.10.2020
Атырауда өрттен бес бала құтқарылды

Атырауда көп қабатты тұрғын үйдегі өрттен 6 адам, соның ішінде 5 бала эвакуацияланды. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 30 қазанда сағат 14:32-де Атырау қаласының А.Құнанбаев көшесіндегі үйде болған.

«Диспетчерлік пультке 5 қабатты тұрғын үйден өрт шыққаны жөнінде хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына келгенде өрт бесінші қабаттан шыққаны анықталды. Пәтердің кіреберісінде тоңазытқыш пен тұрмыстық заттар өртеніп жатты. Өрт сөндірушілердің күшімен жоғары қабаттан 6 адам, соның ішінде 5 бала эвакуацияланды. Тағы 5 адам далаға өз бетімен шықты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Жалынды сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 14:46-да оқшауланып, сағат 14:51-де толықтай сөндірілді.

Хабар 24 телеарнасы