423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада бес жүз адамға ойын-сауық ұйымдастырған клуб әшкереленді

  • 106
  • UPD: 15:36, 31.10.2020

Бас қалада карантин талаптарын бұзған түнгі клубтар анықталды. Олардың бірінде тіпті келушілер саны 500-ден асқан.

Арнайы мобильді топ көңіл көтеру орнының заңға қайшы әрекетін түнгі сағат 12-лер шамасында әшкере етті. Клуб қызметкерлері есіктерін іштен жауып, кәсібін жалғастыра берген және келушілер бетперде тақпаған. Арақашықтық та сақтамаған. Рейд барысында Қорғалжын көшесі бойындағы тағы бір түнгі клуб жұмысы тоқтатылды. Онда көңіл көтерушілердің саны 80-ге жеткен. Сонымен қатар Тұран көшесі бойында орналасқан бірқатар мейманхана карантин талаптарын өрескел бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындар бас санитарлық дәрігердің қаулысына кешкі сағат 10-ға дейін жұмыс істеуі тиіс және санитарлық талаптарды толық орындауға міндетті. Жалпы өткен тәулікте 313 кәсіпкерлік нысан тексеріліп, 46 заң бұзушылық тіркелді. Енді оларға қатысты қатаң шара көріледі.

Хабар 24 телеарнасы