423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астрахан ауданында жоғалған балықшы сегіз тәулік бойы іздестірілуде

  • 104
  • UPD: 21:35, 01.11.2020
Астрахан ауданында жоғалған балықшы сегіз тәулік бойы іздестірілуде

Астрахан ауданында жоғалған балықшыны іздеу жұмыстары әлі жалғасуда.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.  Бүгінгі күні Баршын көліндегі іздестіру жұмыстарына құрамына 14 адам кіретін үш сүңгуірлер тобы, үш мотоқайық және үш бірлік техника қатысуда.

Іздестіру жұмыстары басталғалы бері құтқарушыларға аудан әкімдігі, полиция бөлімінің қызметкерлері, еріктілер мен жанашыр тұрғындар көмектесуде. Осылайша іздестіру жұмыстарына барлығы 25 адам және алты мотоқайық жұмылдырылды.

Іздеу жұмыстары күндізгі уақытта үздіксіз жүргізіліп, тек түнгі уақытта тоқтатылуда. Құтқарушылар мен еріктілер жоғалған балықшының денесін табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Алайда,  көлдің ауданы 40 шаршы шақырымнан асатындықтан және оның көп бөлігін қамыс басып кеткендіктен іздестіру жұмыстарында қиындықтар туындауда.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 23 қазанда Астрахан ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің Баршын көліне төрт адам балық аулау үшін барған болатын. Сол күні кешке үшеуі металл моторлы қайықпен көлге жүзіп кеткен. Ал біреуі жағалауда қалған. 2020 жылғы 28 қазанда іздеу тобы екі балықшының денесін тапты.  Ал үшінші балықшыны іздеу жалғасуда.

Айта кетейік, құтқару және басқа да жұмыстарды жүргізу кезінде ешқандай ақшалай қаражат алынбайды. Барлық іздеу жұмыстары тегін жүзеге асырылуда және алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Хабар 24 телеарнасы