425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы маңында атыс болды: жарақат алғандар бар

  • 193
  • UPD: 12:20, 02.11.2020
Алматы маңында атыс болды: жарақат алғандар бар Tengrinews

Алматы маңындағы демалыс орнында болған атыстан жарақат алғандардың жағдайы орташа ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі атап өткендей, 31 қазанда ауруханаға екі науқас келіп түскен. Оларға дәрігерлер оң жіліншігінің оқ жарақаты мен сол жақ жіліншігінің ашық оқ жарақаты, сол жақ асықты жілігінің сынығы деген диагноз қойды.

«Екінші қарашадағы жағдай бойынша науқастардың жағдайы орташа ауыр, есін жиды. Хаттама бойынша ем алып жатыр», – дейді №4 аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Анарбек Монғол.

Айта кетейік, 31 қазан күні Алматы облысының Іле ауданына қарасты Байсерке ауылындағы демалыс орнында атыс болды.

Хабар 24 телеарнасы