423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысында көмір тиелген вагондар аударылды

  • 110
  • UPD: 15:14, 02.11.2020
Қарағанды облысында көмір тиелген вагондар аударылды ҚР ТЖМ

2 қарашада сағат 06:00-де Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара станциясы темір жол аралығының 27 шақырамында кірме жолдарында көмір тиелген 8 вагонның доңғалақ жұптары жолдан шықты, оның екеуі аударылды.

Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады. Оқиға салдарынан 150 метр темір жол төсеміне зақым келген. Оқиға пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Зардап шеккендер жоқ. «Разрез «Кузнецкий» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы