422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында екі адам газдан уланып, қайтыс болды

  • 105
  • UPD: 22:47, 02.11.2020
Жамбыл облысында екі адам газдан уланып, қайтыс болды

Жамбыл облысында бес адам газдан уланып, екеуі  қайтыс болды. Аман қалған үш адам Меркі аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.

Газдан уланғандардың ең кішісі 7 жаста. Баланың жағдайы тұрақтала сала шұғыл түрде санавиациямен облыс орталығындағы балалар ауруханасына ауыстырылған. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға табиғи газбен жанатын пешті дұрыс қолданбағаннан болған көрінеді. Қазір арнайы комиссия құрылып, мән-жай анықталып жатыр. 

Мақсат Қосыбаев, облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

- Қазіргі уақытта оқиға орнында анықтау жұмыстарын жүргізуде. Осы комиссияның қорытындысы бойынша улану оқиғасының себептері анықталатын болады. Сол қонаққа келген кісі анасы мен сол үйдің келіні қаза болып отыр. Ал үйдің иесі, келінінің әпкесі, сол үйдің баласы олар уланып, қазір емханада ем алуда. 

Ақжібек Тәжібаева, Меркі аудандық ауруханасы бас дәрігерінің  орынбасары:

- Екі науқас Садирова Айжанды жағдайы қанағаттанарлық болғаннан кейін терапия бөліміне ауыстырды. Ал Қалмұрзаев Нуридин бүгінгі күні жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Планда осы стабилизация болғанн кейін науқасты терапия бөліміне ауыстырамыз.

Хабар 24 телеарнасы