423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамауға алынды

  • 109
  • UPD: 23:53, 02.11.2020
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қамауға алынды

Батыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, «Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы мен оның сыбайласына қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Еске сала кетейік, осыған дейін аталған басқарманың басшысы пара алу күдігімен ұсталғанын хабарлаған едік.

Күдіктіге сыбайласымен бірге 7,8 млн теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы