423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда маскүнемдер Ұлттық ұлан жауынгерін соққыға жыққан

  • 180
Павлодарда маскүнемдер Ұлттық ұлан жауынгерін соққыға жыққан

Павлодарда қоғамдық тәртіпті қадағалап жүрген сарбаздарға мас адамдар қарсылық көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

26 және 37 жастағы азаматтар Ұлттық ұлан жауынгерін ұрып жіберді. 5512 әскери бөлімінің сарбаздары бұзақыларды дереу ұстады. «Бұзақылық» бабы бойынша тергеу басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктілер әзірге уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

Жасқайрат Қайыров, полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

– Сарбаздар қоғамдық тәртіпті бұзу дерегі бойынша 2 азаматты учаскелік полиция бөліміне жеткізбек болған. Мас ер адамдар бұған келіспей, қарсылық танытты. Олар жауынгерлердің біріне соққы да жасады. Қазір бұл оқиғаға қатысты тиісті жұмыстар жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы