423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жыл сайын орта есеппен 20-дан астам адам иіс тиіп көз жұмады – статистика

  • 107
Жыл сайын орта есеппен 20-дан астам адам иіс тиіп көз жұмады – статистика

Әлеуметтің әлжуаз тобы паналаған 83 мыңнан астам тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі ескерілмеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әр өңірде жүргізілген рейд нәтижесінде бірқатар нысанда бұл олқылықтың орны толтырылды. Алайда 10 мыңнан астам үй әлі де қауіпті жағдайда. Бұл туралы Үкіметтің отырысында айтылды. Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, қауіптің алдын алатын 12 мыңнан астам дабыл құралдары орнатылған. Жыл аяғына дейін тағы 11 мыңын орнату жоспарда бар. Статистикаға сәйкес, жыл сайын орта есеппен 20-дан астам адам иіс тиіп көз жұмса, газ балондарының жарылысы кезінде 40 адам қайтыс болып кетеді. Бұған көбіне газ қондырғыларын дұрыс орнатпау, пеш мұржасының істемеуі немесе пешті дұрыс қолданбау себеп.

Хабар 24 телеарнасы