422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда кәріз коллекторы жарылды

  • 98
Петропавлда кәріз коллекторы жарылды

Кеше кешке жер астындағы ескі құбыр сыр беріп, тұрмыстық қалдықтар жан-жаққа жайылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты жол қозғалысына шектеу қойылып, көше жабылды. Апаттық қызмет мамандары түні бойы тазалау жұмыстарын жүргізіп, ақауды таңертең ғана анықтады. Қазір олар жерді қазып, жаңадан 28 метрлік пластмасса құбыр салайын деп жатыр.

Андрей Дылдин, кәріз жүйелері өндірісінің аға шебері:

– Бұл апат маңайдағы тұрғын үйлерге кері әсерін тигізген жоқ. Қалдықтарды арнайы көліктер сорып шығарып жатыр. Жөндеу жұмыстары кешке дейін аяқталады. Асфальт та қалпына келтіріледі.

Хабар 24 телеарнасы