425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда өзін және туған балаларын өлтірмек болған әйел алты жылға сотталды

  • 136
  • UPD: 15:14, 03.11.2020
Қостанайда өзін және туған балаларын өлтірмек болған әйел алты жылға сотталды

26 жастағы келіншек жазаны жалпы режимдегі колонияда өтейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның үш жасар қызы мен екі жастағы ұлы бүлдіршіндер үйіне орналастырылды. Осыдан жарты жыл бұрын безбүйрек ана екі баласын пышақтап, өзін жарақаттаған. Бұл кезде отбасы бейімдеу орталығында тұрып келді. Сол жерден дәрігерлер қан жосыған ана мен балаларды ауруханаға жеткізген. Әйел мұндай жөнсіз әрекетті бірге тұратын ер адамға қызғаныштан жасағаны белгілі болды. Бастапқыда сотталушы қылмыс жасау бабы бойынша айыпталған еді. Кейін тергеу барысында оны денсаулыққа ауыр зиян келтіру бабына ауыстырған.

Хабар 24 телеарнасы